Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазселденқорғау" РМК хабарлауынша, көлемі 6,500 текше метр қар көшкіні Медеудің үстіндегі өзен тоғанына түскен. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Орын алған қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің арнасынан аспаған. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.
19 ақпанда таулы аймақтарға қар түсуі тоқтаған соң "Қазселденқорғау" РМК мамандары көшкіннің алдын алу жұмыстарын жүргізеді, – делінген хабарламада.