Алматыда 60 жастан асқан 108 мыңнан астам азамат вакцина алды

18 Тамыз 2021, 13:47
6615
Бөлісу:
Алматыда 60 жастан асқан 108 мыңнан астам азамат вакцина алды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласындағы жоғары санатты дәрігер, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Наталья Рахальская егде жастағы адамдарға COVID-19 вакцинасын алу маңызды екенін түсіндірді.

Қарт адамдар, біз көріп отырғандай, дертке тез шалдығады әрі ол асқынып кетсе, қайғылы жағдай да болуы мүмкін. Сондықтан осы санаттағылардың бірінші кезекте екпе алғандары жөн. Мен дәрігер ретіндегі клиникалық тәжірибемнен байқағаным, егде жастағылар вакциналарды жақсы қабылдайды, - деді Рахальская.
Дәрігер егде жаста КВИ-ге қарсы вакцинация (сонымен қатар тұмауға қарсы) өте маңызды және бұл қауіпті инфекцияны жұқтырмайтынын әрі қауіптің алдын алатынын айтты.

Сонымен қатар екпе мазасыздықтан арылтады, көңіл күйді тыныштандырады. Вакцина алған қарт адамдар психологиялық тұрғыдан өзінің қорғалғанын сезінеді.

Өзгелердің жаңалығы