Алматыда 50 мың көшет отырғызылды

6 Мамыр 2021, 15:00
1419
Бөлісу:
Алматыда 50 мың көшет отырғызылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифингте айтты.

Көгалдандыру бойынша І тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы баяндаған ол Алматыда көшеттерді көктемгі отырғызу аяқталуға жақын қалғанын жеткізді.

Жалпы осы көктемде 50 мың көшет отырғызылды. Биылғы көктемдегі ең үлкен екпелердің бірі — Көк-Төбе тауындағы 40 мың Сиверс алма ағашы. Сонымен бірге, Рысқұлов көшесі бойымен көлік қиылысынан Алғабас шағынауданына дейін бөлінетін белдеу бойына 650 қарағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күні 350 көшет отырғызылды, тағы 300 көшет 10 мамырға дейін отырғызылады, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол Жасыл экономика бөлімі «Жасыл аула» науқанын аяқтағанын айтты.

Біз 150-ден астам мекенжайды аралап, алматылықтарға 1500 жапырақты көшеттер тараттық. Көшеттермен бірге қала тұрғындарына отырғызу және күту ережелері жазылған нұсқаулар берілді, сонымен қатар олар күтімге кепілдік ретінде қол қойды, - дейді Ливинская.

Оның айтуынша, жәндіктермен күресу үшін 15 сәуірден бастап Алматыда химиялық және биологиялық әдістермен жасыл желектер өңделуде. Бұл зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарының алдын алуға бағытталған.

Өңдеу түнде және таңертең жүзеге асырылады. Өңдеу кезінде Қазақстан аумағында рұқсат етілген химиялық заттар қолданылады және олар адам өміріне қауіпті емес. Бүгінгі күні қаланың барлық 8 ауданында жұмыс жүргізілді, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы