400-ге жуық құтқарушы сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылайды

7 Маусым 2019, 16:05
1945
Бөлісу:
400-ге жуық құтқарушы сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылайды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының ТЖД Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мекемелерінің, ҚР ІІМ ТЖ Комитеті басшыларының қатысуымен нұсқаулық кеңес өткізді, деп хабарлады қалалық департаменттің баспасөз қызметі. 

Кеңес барысында ТЖД басшысы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіровке құтқарушыларға өткізілетін іс-шараның маңыздылығы туралы айтты. 

400-ге жуық құтқарушы сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылайды

Сонымен қатар, 9 маусымда Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтып өтті. 

400-ге жуық құтқарушы сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылайды

Генерал құтқарушыларға сайлау учаскелеріндегі төтенше жағдай немесе өзге де штаттан тыс жағдай туралы ақпарат алған кездегі бөлімшелердің іс-қимыл алгоритмі туралы еске салды. 

400-ге жуық құтқарушы сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігін бақылайды

Сайлау науқаны басталардан 2 ай бұрын 554 сайлау учаскесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тұрғысынан тексерілді. Сондай-ақ сайлауды дайындау және өткізу кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы ескертпелер таратылды. 

Айта кетейік, сайлау кезінде департамент бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.

Өзгелердің жаңалығы