Медеу ауданында Каменское үстірті, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 4 жаңа су көзін салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Балқаш» резервуарлары мен сорғы станциясын толық реконструкциялау жоспарға енгендігін атап өтті.
Жобаға 3 млрд 568 млн теңге бөлінді, жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.
Бұл жұмыс аяқталғанға дейін қалалық қызмет пен аудан әкімдігі осы шағын аудан тұрғындарын қосымша ауыз сумен қамтамасыз етеді, – деді қала әкімі.