Алматыда 4 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады

<h4>Алматы, BAQ.KZ.&nbsp;Алматыдағы күнделікті&nbsp;орташа температура +8 градустан жоғары мөлшеде&nbsp;белгіленген. Осыған байланысты қала билігі жылыту маусымын 2019 жылдың 4 сәуіріннен бастап тоқтату шешімін қабылдады. Бұл жайында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-сі мәлімдеді.</h4>

 2 Сәуір 2019 2019, 20:03
2 Сәуір 2019 2019, 20:03
2793

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы күнделікті орташа температура +8 градустан жоғары мөлшеде белгіленген. Осыған байланысты қала билігі жылыту маусымын 2019 жылдың 4 сәуіріннен бастап тоқтату шешімін қабылдады. Бұл жайында «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-сі мәлімдеді.

Жарлыққа қол қойылып, қызмет көрсетушілерге жіберілген.

«Жылу есептегіш құралдармен жабдықталмаған үйлердегі жылу энергиясын тұтынушылар үшін осы жылыту масымы бойынша есеп қайта қаралады. Және артық төлем 1 маусымға дейін қайтарылады», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Алматыда 8200-ден аса көпқабатты үй бар.
Наверх