"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елде Жаңа жыл қарсаңында қиылған неке туралы қызықты статистиканы ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жас жұбайлардың басым бөлігі неке қиюды есте қаларлық ерекше күндерге жоспарлайтыны жасырын емес.
Осылайша, 2025 жылдың 31 желтоқсан күні барлығы 487 неке тіркелді.
Жаңа жыл қарсаңында неке тіркеу саны ең көп болған 5 өңір:
- Алматы қаласы — 68 жұп
- Түркістан облысы — 61 жұп
- Астана қаласы — 47 жұп
- Жамбыл облысы — 37 жұп
- Қарағанды облысы — 30 жұп
Күнтізбедегі осындай күндер отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып келеді.