Алматыда 30 маусымға дейін мерекелік іс-шаралар өткізілмейді

16 Сәуір 2020, 17:42
1612
Бөлісу:
Алматыда 30 маусымға дейін мерекелік іс-шаралар өткізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның ең ірі мегаполисіндегі барлық мәдени-бұқаралық іс-шара жергілікті биліктің шешімі бойынша маусым айының соңына дейін өткізілмейді. 

Мұның барлығы қала тұрғындарының денсаулығын сақтау және қалада коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында жасалып жатыр, - делінген хабарламада.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әлеуметтік-өндірістік саласы мен экономикасы COVID-19-дың таралу жағдайына байланысты біртіндеп қалпына келтірілетінін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы