Алматыда 3 балдық жер сілкінісі сезілді

24 Ақпан 2024, 05:17
2976
Бөлісу:
Алматыда 3 балдық жер сілкінісі сезілді
Фото: pixabay.com

Алматы маңында жер сілкінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 24 ақпанда 04 сағат 58 минут 53 секундта жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок, - делінген хабарламада.

 Синоптиктер ұсынған мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 13,6. Тереңдігі - 5 км.

Алматы қаласында - 3 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді, - деп ескертті ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 2 балдық жер сілкінісі орын алған еді.

Өзгелердің жаңалығы