Алматыда 25-қабаттан қыз құлап кетті. Бұл туралы BAQ.KZ ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.
Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.