Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда 23 жастағы фельдшер қаза тапты

3 Желтоқсан 2025, 17:06
801
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов
Фото: BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

Алматы қаласында жол апатынан 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының Алатау ауданында 3 желтоқсан күні шамамен 00:40-та жедел жәрдем көлігі мен Kia маркалы жеңіл көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жолайрықта бұрылыс жасау кезінде жедел жәрдем көлігі Kia көлігімен қақтығысқан. 

Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары түрлі дене жарақатын алған. 23 жастағы жедел жәрдем қызметкері бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды, - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Қазіргі уақытта қазаға әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетейік, жақында Астанада да 23 жастағы фельдшер қаза тапқан болатын. 2025 жылғы 8 қарашада елордадағы Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан тұрғын үй кешенінің қасбетінен сыртқы кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысы құлап, 5 адам зардап шекті. 18 қарашада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан ауруханада көз жұмды.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы медколлежде марқұм фельдшердің құрметіне арнайы сынып ашылатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы