Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін коронавирус анықталған үш адамның ішінде 2 жасар қыз бар. Бұл туралы ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
Бірінші жағдай – 2018 жылы туған қыз бала. Ол 13 наурыз күні Берлин - Минск – Алматы рейсімен келген. Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Екінші жағдай – 1966 жылы туға ер адам. Алматыға Мәскеуден 10 наурыз күні келген.
Үшінші жағдай – 1956 жылы туған ер адам. Ол да Мәскеуден ұшып келген.
Осымен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда тағы 3 адамнан коронавирус анықталғандығы жөнінде хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қаулы қабылданды. Соған байланысты елімізде бір айлық төтенше жағдай жарияланды.