Алматыда 2 жасар бала 105 түйір магнит жұтып қойған

Бүгiн, 03:50
398
Бөлісу:
Алматыда 2 жасар бала 105 түйір магнит жұтып қойған
Фото: архив

Алматыда 2 жастағы сәби 105 түйір магнит жұтып қойған. Ата- анасының айтуынша, олар қонақта болған. Баласының бөгде зат жұтқанын білмеген. Сәбиінің іші ауырғанда ғана, рентген арқылы асқазанында көптеген магнит бары анықталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз алдымен эндоскопиялық әдіспен алып тастауға тырыстық, бірақ заттардың саны тым көп болғандықтан, бұл әдіс сәтсіз аяқталды. Сондықтан шұғыл түрде хирургиялық операция жасалды. Ота бір жарым сағатқа созылды, нәтижесінде 105 магнит алынды, - деді қалалық шұғыл медициналық жәрдем орталығының меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.

Айта кетейік, шұғыл медициналық жәрдем орталығына жыл сайын шамамен 45 бала магнит жұтып қою себебімен түседі екен.

Өзгелердің жаңалығы