Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда 2 қабатты жеке тұрғын үй мен оның ауласындағы монша өртенді

8 Тамыз 2024, 00:50
825
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Құтқарушылар 150 ш.м. алаңды шарпыған өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Медеу ауданында 2 қабатты жеке тұрғын үй мен оның ауласындағы моншаның жануы орын алған. ТЖМ күштерімен өрт 150 ш.м. алаңда сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында көрші құрылыстарға өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы