Бүгін, 30 қаңтар таңғы уақытта Алматыда екі рет жер асты дүмпуі болды. Бұл жағдайды «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлтттық ғылымт орталығы» тіркеген.
Бірінші рет сағат 03:03 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Афтершок.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5. Тереңдігі — 10 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.
Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8. Тереңдігі — 10 шақырым.
Жер сілкінісіқала тұрғындарына 2 балл көлемінде сезілді.