Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Биылғы жылдың 10 айында Алматыда 2 991 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 84 адам қаза тауып, тағы 3 мың 211 адам жарақат алды. Жалпы, жыл басынан бері 1 миллион 582 мың 980 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.Көлікті мас күйінде басқарған 1 мың 718 жүргізуші ұсталды, – дейді Салтанат Әзірбек.
Еске сала кетейік, сот үкімімен 2 мың 443 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған.