Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

1 Қазан 2023, 12:20
1122
Бөлісу:
Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: BAQ.KZ

1 қазанда Алматыда 2-3 балдық жер асты дүмпулері сезілді. Магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісінің ошағы Қырғызстаннан тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 1 қазанда Алматыда сағат 03-30-да минутта жер сілкінісін тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 122 шақырым қашықтықта, Қырғызстан территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.8.

MPV магнитудасы - 6.2.

Тереңдігі - 10 км.

Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2-3 балл.

Бұған дейін Қазақстан сейсмологтары Алматыдан 420 шақырым қашықтықтан 4,2 магнитуда болатын жер асты дүмпулерін тіркеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы