Алматыда 1,9 мың ағашты кесуге 54 млн теңге бөлінді

12 Сәуір 2022, 16:20
2868
Бөлісу:
Алматыда 1,9 мың ағашты кесуге 54 млн теңге бөлінді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев Алматы ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, қалада апатты жағдайдағы ағаштарды санитарлық кесу маусымдық іс-шарасы жүргізіліп тұрады. Санитарлық кесу ағашты құрғақ бұтақтардан арылтады. Егер санитарлық кесу үнемі жүргізілсе, тәж сауығады, ағаштың немесе қабықтың әртүрлі ауруларының пайда болу ықтималдығы төмендейді.

Аудандық әкімдіктерге 19 мың ағашты міндетті түрде өтемдік отырғызумен 1,9 мың ағашты кесуге 54 млн теңге бөлінді. Біз жасыл кеңістіктердің тәжін санитарлық, жасартатын және пішіндейтін кесуді жүзеге асырамыз. Жыл сайын аудандық әкімдіктер 61 мың ағашты кеседі, - деді С. Әділбаев.

Жасыл экономика басқармасының ақпараты бойынша, түгендеу және орман патологиялық зерттеуден өткен Алматы қаласында 2 802 737 ағаш өседі, оның ішінде 84 628-і апатты жағдайда.  Негізінен апатты ағаштар қаланың орталық бөлігінде және тыныш аудандарда орналасқан.

Биыл 242 ағаш діңдері мен ірі бұтақтардың құлау жағдайы тіркелді. Құлауды жою бойынша жұмыстар аудан әкімдері аппараттарының коммуналдық қызметтерінің және Алматы қаласының құтқару қызметінің күшімен орындалды. Апатты жағдайдағы ағаштар кесілген жерлерде жаңа көшеттерді өтемдік отырғызу жүргізіледі, бұл Алматы қаласының жасыл қорын жаңартуға қызмет етеді,-деді ол.

Сондай-ақ ол ағаштарды кесу, қайта отырғызу Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының рұқсатымен жүзеге асырылатынын жеткізді. Ағаштарды кесуге рұқсат алу үшін белгіленген тәртіппен құжаттарды электрондық нысанда E-gov электрондық үкіметі арқылы жіберу қажет.

Серік Әділбаев жасыл желектер құлаған кезде мүлікке зақым келген жағдайда іргелес аумақтың иесі 5 метр шекарада жауапты екенін атап өтті.

Жалпы пайдаланылатын жерлерде жауапкершілік осы учаскеге қызмет көрсететін көгалдандыру жөніндегі ұйымдарға бекітілген. Сондай-ақ, ол шығынды өтеуді қарау процесі жеке сипатқа ие және әдетте сот арқылы қаралады,-деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы