Алматыда 189 рет жол ережесін бұзған электромобиль иесі қолға түсті

13 Мамыр 2024, 22:12
482
Бөлісу:
Алматыда 189 рет жол ережесін бұзған электромобиль иесі қолға түсті
Фото: Алматы қаласы полиция департаменті

Алматы полициясы 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген шетелдік көлікті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті полицияның құрығына Zeekr маркалы автокөлігі түскен. Полиция дерегінше, оның жүргізушісі 189 рет жол ережесін бұзыпты.

Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деп мәлімдеген Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Өзгелердің жаңалығы