Алматыда «Бизнеске жол» жобасының аясында 1600-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 38 кейс шешілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін 3 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
7 факт бойынша ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша рұқсат беру тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды. «Бизнеске жол» жобасын іске асыру шеңберінде 99 кездесу өткізді, 1600-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, 38 кейс шешілді. Кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін 3 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство атап өткендей, кәсіпкерлер ЖАО, Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және басқа да ұйымдардың қызметкерлері тарапынан олардың құқықтарын бұзу фактісі бойынша жиі жүгінеді, – дейді Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.