Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, тауар таңбалары мен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану бойынша 28 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жыл басынан бері департаментте 34 әкімшілік іс қозғалды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 15 млн 243 мың 971 теңгені құрайтын 16 107 контрафактілік өнім алынды. Тауар таңбалары мен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану бойынша, оның ішінде 28 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімдері бойынша жалпы сомасы 11 млн 340 мың 606 теңгеге көлемінде 11 725 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді. Салынған айыппұлдар сомасы - 2 млн 221 мың теңге. Тауар белгілерін тіркеу және қорғау заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады, – дейді Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев.