Алматыда 15 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген

17 Қаңтар 2024, 16:05
626
Бөлісу:
Алматыда 15 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелген
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда бизнес-идеяларды іске асыруға 358 өтеусіз грант берілді, 374 адам өз ісін ашты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Еңбек ұтқырлығы орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асланбек Қуанышов мәлімдеді.

Орталыққа 4 905 адам жүгініп, 15 727 адам жұмыссыз ретінде тіркелді, оның ішінде 13001 адам өткен жылдары тіркелген. 2024 жылы белсенді жұмыспен қамту шараларымен 38 253 адамды қамту жоспарланған, 2023 жылы жоспар 43 004 адамды құрады. Кәсіптік оқытуға 950 адамды жіберу жоспарланып жатыр, оның ішінде білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытуға 740 адам жіберілетін болады. Қалған 210 адам жұмыс берушілерден жұмыс орнында оқытылады, - деді Асланбек Қуанышов.

Оның айтуынша, 2000-ға жуық адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілетін атап өтті. 

2023 жылы 9 920 адам оқуды бастады, оның 7 390-ы оқуды аяқтады, бұл 74,5% құрайды. Оқуды аяқтау қорытындысы бойынша грант алып, 4 909 адам өз ісін ашты, кәсіпкер ретінде 114 адам тіркелді, 146 адам жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 358 өтеусіз грант беру жоспарланған. 2023 жылы бөлінген 3 ағын бойынша 375 грант берілді, оның ішінде 374 адам өз ісін ашты. 662 шағын несие беру жоспарланған. 2023 жылы 253 адам өтініш білдіріп, 201 жоба мақұлданды, 135 кәсіпкер алды, - деді Еңбек ұтқырлығы орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы Асланбек Қуанышов мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы