Алматыда 1300-ден астам пәтер несиеге және жалға беріледі

31 Тамыз 2022, 20:27
924
Бөлісу:
Алматыда 1300-ден астам пәтер несиеге және жалға беріледі

Биыл Алматыда 68 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев айтты. 

2022 жылы 16 тұрғын үйді, яғни 1305 пәтерді немесе 68 мың шаршы метр пәтерді несиеге және жалға беру жоспарлануда. Әрі жұмыс істейтін жастар үшін ауданы 42 000 шаршы метр 1050 пәтер сатып алуға қаржы қарастырылған, - деді Ұлан Оңалбаев. 

Мемлекеттік бағдарламалар аясында республикалық бюджет қаржысы есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 150 көппәтерлі үйде инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда.

Соның нәтижесінде 7912 пәтер салынады, оның тең жартысы (50%) мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Тұрғын үй салумен қатар, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Үй салушы компания өз учаскесінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салады.

Өзгелердің жаңалығы