Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда 120 мыңға жуық егде жастағы адам вакцина салдырған

4 Қазан 2021, 17:29
9984
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар ішінде 60 жастан асқан егде жастағылар саны 118 416 адам. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, 3 қазанда қалада коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 678 адам, 2-компонетін 1290 адам салдырған.

Жалпы жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 956 925 адам, 2-компонентін 866 728 адам алды. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 118 416 адамды құрайды, - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкері жұмылдырылған.
Сондай-ақ өткен тәулікте 429 адамнан коронавирус анықталған, оның 407 симптомдық белгілері бар және 22 симптомсыз.
Инфекциялық стационарларда 1 797 адам ем алып жатыр, оның 75-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 174 науқас жатыр. ӨЖЖ – 34, инвазивті емес ӨЖЖ – 89, High flow-да 41 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 4073 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 3916, симптомсыз 157 науқас бар.
Өзгелердің жаңалығы