Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының тұрғындары коронавируспен күресте азаматтық белсенділіктерін танытуда. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 60 жастан асқан 116 774 адам вакцина салдырған көрінеді.
Айта кететін жайт, оңтүстік астанада бір тәулік ішінде коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 2 315 адам алған. Ал ІІ компонентті 3 113 адам салдырыпты.
Сондай-ақ биыл ақпан айынан бастап қыркүйекке дейін мегаполисте вакцинаның І компонентімен 931 261 адам, ІІ компонентімен 823 333 адам қамтылған.
Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда 100-ден астам бала коронавирусқа қарсы емделіп жатқаны туралы жазған болатынбыз.