Алматыда №113 автобустың бағыты өзгерді

<p> Алматы, BAQ.KZ. «Алматыэлектротранс» ЖШС-і 15 қыркүйектен бастап № 113 машрутының сызбасы өзгеретінін мәлімдеді. </p>

 14 Қыркүйек 2021 2021, 14:38
14 Қыркүйек 2021 2021, 14:38
4807

Алматы, BAQ.KZ. «Алматыэлектротранс» ЖШС 15 қыркүйектен бастап №113 машрутының сызбасы өзгеретінін мәлімдеді.

Енді автобус Жароков көшесімен келе жатқанда Шевченко көшесімен Байзақовқа бұрылмай, Байтұрсынов көшесіне дейін барады, әрі қарай бағыты бойынша. Кері қайтқанда Байтұрсынов көшесінен Жамбылға бұрылады да, Жароков көшесіне дейін жүреді, әрі қарай бағыты бойынша, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, жақында жол жөндеу жұмыстарына байланысты №27 және №118 бағытындағы автобустардың маршруты өзгерген болатын.

Наверх