Алматыда 11 жастан асқан 1700 қыз АПВ-ға қарсы екпе алды

5 Қараша 2024, 16:16
356
Бөлісу:
Алматыда 11 жастан асқан 1700 қыз АПВ-ға қарсы екпе алды
Фото: BAQ.KZ скриншот

Қосымша иммундау шеңберінде 12 және 13 жастағы 2340 қызға вакцина егілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы айтты.

Вакцинацияны Алматы мектептеріндегі көшпелі медициналық бригадалар жүргізеді, олар 41 медициналық ұйымға бекітілген және 251 мемлекеттік және жекеменшік мектепті қамтиды. HPV-ге қарсы вакцинация Үкіметтің 2024 жылғы ақпанда қабылданған қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілген. Бағдарлама ДДҰ, ЮНИСЕФ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен республикалық бюджет қаражатына іске асырылып жатыр, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Науқан басталғаннан бері 2894 медицина қызметкерінің қатысуымен 148 дөңгелек үстел мен консультациялар, діни қауымдастықтармен 43 кездесу, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге арналған 223 семинар және мұғалімдерге арналған 341 тренинг өткізілген.

Өзгелердің жаңалығы