Алматыда 100-ге жуық ҚАЖД қызметкері марапатталды

15 Желтоқсан 2021, 21:00
1311
Бөлісу:
Алматыда 100-ге жуық ҚАЖД қызметкері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Тәуелсіздік құрметіне 100-ге жуық ҚАЖД қызметкері марапатталды,  деп хабарлады Polisia.kz. 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиында баяндама жасаған ҚАЖД бастығы Д. Қанатбеков еліміздің тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталып, жиналғандарды егеменді елдің жарқын болашағына сендірді. 

 Бүгінгі Тәуелсіздіктің тарихында бізге ұлан-ғайыр жер қалдырған бабалар өмірінің тарихы жатыр, алашапқын күрес пен айқасқа толы заманда елі мен жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған аталарымыздың аманаты жатыр. Сол аманатқа адалдық танытып, тәуелсіз еліміздің дамыған елдер қатарынан орын алуына ат салысу біздің әрқайсымыздың парызымыз, -деді құттықтау сөзінде Д. Қанатбеков. 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуына белсене үлес қосқаны үшін Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Д. Қанатбеков, департамент бастығының орынбасарлары Х. Имажанов пен Е. Ұзақов, ЛА-155/6 мекемесі бастығының орынбасары Г. Нұржанова “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” медалімен, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маман-дәрігері А. Мәди және ЛА-155/6 мекемесі медициналық бөлімінің фельдшері Т. Низамова “Халық алғысы” медалімен марапатталған болатын. 

Алматыда 100-ге жуық ҚАЖД қызметкері марапатталды

Салтанатты жиналыста Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен ҚАЖД Алатау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Л.Әлімбековаға штаттық лауазымында көзделген атақтан бір саты жоғары әділет капитаны атағы берілсе, ЛА-155/18 мекемесінің жүргізуші-қызметкері әділет прапорщигі Е.Жүністаевқа “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалі тапсырылды. 

ҚАЖД Күзет бөлімі бастығының кезекші көмекшісі А.Қарабаланов ІІМ-нің грамотосымен марапатталып, бірқатар қызметкерлерге ІІМ-нің алғыс хаты тапсырылды. Сондай-ақ ҚАЖД қызметкерлерін 7552 әскери бөлімнің, “Ауғанстандағы ардагерлерді үйлестіру кеңесі” мен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің басшылары да Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өз тараптарынан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.

 Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің 15 жас маманы салтанатты түрде Ант қабылдады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне ҚАЖ департаментінің еңбекте жетістікке жеткен 100-ге жуық қызметкері марапатталды.

 

Өзгелердің жаңалығы