Алматыда 1 млн ағаш отырғызу қашан аяқталатыны айтылды

12 Сәуір 2022, 16:05
2776
Бөлісу:
Алматыда 1 млн ағаш отырғызу қашан аяқталатыны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматыда 350 мың ағаш отырғызылады. Осылайша, Jasyl Almaty-ның 1 миллион ағаш отырғызу акциясын аяқтаймыз. Бұл туралы Жасыл экономика басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Әділбаев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Әділбаев, Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауында айтылған елді көгалдандырудың ауқымды бағдарламасы сәтті іске асып жатқанын жеткізді.

Осы уақытқа дейін 72 346 көшет отырғызылды. Жалпы  1 миллион ағаш отырғызу арқылы Jasyl Almaty акциясын аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді С. Әділбаев.

Сондай-ақ ол Алматының Жасыл экономика басқармасының алдында қалалық экожүйені біріктіретін және биоәртүрлілікті қолдайтын қаланың «жасыл желісін» құру бойынша маңызды міндет тұрғанын жеткізді. Сол себепті ағаш отырғызу 2022 жылдың күзінде жалғасып, 277 654 жас көшет отырғызылады.

Ағаш отырғызу жұмыстары әсіресе магистралды жолдар, жолайрықтар, теміржолдар бойында, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің аумақтарында, өзен жағалауларында, саябақ және санитарлық-қорғау аймақтарында  жүргізіледі.

Ағаш отырғызу кезінде дендролог ғалымдардың ұсынымдары ескерілді, олар кәдімгі қарағай, қазақстандық терек, ұсақ жапырақты қарағай, қайың, шаған, жалған акация, сүйір жапырақты үйеңкі, каштан, робиния, жалған акация, көпіршік, долана, алма, өрік отырғызуды ұсынады", - деп атап өтті С. Әділбаев.

Оның айтуынша, қала тұрғындарына көшеттерді тегін тарату бойынша «Жасыл аула» акциясы жалғасады. Күзде мегаполис тұрғындарына 2 мыңға жуық көшет тарату жоспарлануда.

Сондай-ақ, С. Әділбаев Алматыны гүл композицияларымен және гүлзарлармен безендіру жұмыстары туралы да айтып берді.

Біржылдық және көпжылдық гүлзарларды отырғызу 2023 жылға дейін жалғасады. Жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге мердігерлік ұйымдармен 10 шарт жасалды. Гүл отырғызу сәуір айында басталды, өйткені бұл кезең ең қолайлы. Сәндік-гүлмен көгалдандырудың жалпы көлемі шамамен 159 мың шаршы метрді құрайды, - деді ол.
 

Өзгелердің жаңалығы