Алматыда ерекше көрме өтеді

1 Наурыз 2019, 09:25
2483
Бөлісу:
Алматыда ерекше көрме өтеді

Астана, BAQ.KZ.Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде 1 наурыздан 26 наурызға дейін Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан бейнелеу өнеріндегі әйелдер бейнелеріне арналған «Жүзінен шуақ шашқан асыл жандар» көрмесі өтеді.

Алматыда ерекше көрме өтеді

Әйел бейнесі барлық уақыттарда да суретшілерді шығармашылық туындылар жазу үшін шабыттандырып келді. Әлемдік бейнелеу өнерінде өте сұлу ханымдардың кескіндемелік, мүсіндік және графикалық бейнелері ғасырлар, тіпті мыңжылдықтардан аман қалып ұлы жауһарға айналған мысалдар аз емес.

Алматыда ерекше көрме өтеді

Көрмеде әр түрлі буын, бағыттар мен жанрлардағы қазақстандық белгілі суретшілердің 50-ден астам туындылары ұсынылған.

Алматыда ерекше көрме өтеді

 «Залда ұсынылған ең ертеректегі туындылар – бұл 20 ғасырдың басы мерзімімен көрсетілген Н. Хлудовтың туындылары, және біз үшін ең алдымен бейнелерді берудегі өзінің деректілігі және боямасыз табиғилығымен құнды. Қазақстандық суретшілердің бүтін бір саңлақтар тобын тәрбиелеген асқан кескіндеме шебері А. Черкасский 1960-шы жылдардың басындағы оның қайталанбас шығармашылық мәнерін айқын бейнелеген екі туындысымен ұсынылған. Шығармашылық даралығының әртүрлілігімен Қазақстан бейнелеу өнеріне 1950-ші жылдардың ортасында енген Қ. Телжанов, К. Шаяхметов, С. Мәмбеев, Ү. Әжиев, Ә. Жүсіпов, А. Школьный және басқа суретшілер ерекшеленеді. Олардың кенептеріндегі әйелдер бейнелері, кейде әдеттен тыс лирикалық, нәзік, кейде импульсивті және жігерлі, ішкі күшке толы, монументалданған және салтанатты», дейді өнер музейінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы