«Алматы жылу жүйелері» тұтынушыларға 49,4 млн теңге қайтарады

20 Сәуір 2022, 12:05
1500
Бөлісу:
«Алматы жылу жүйелері» тұтынушыларға 49,4 млн теңге қайтарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлайды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті сыртқы ауаның нақты температурасын ескеріп, 2020-2021 жылдардағы жылумен жабдықтаудың құнын қайта есептеп, 49,4 млн теңге мөлшерінде артық соманы шығарған. Алайда қалаға қызмет көрсететін «Алматы жылу жүйелері» ЖШС мұнымен келіспеген, керісінше тұтынушыларға шамамен 5 млн теңге көлемінде қосымша есептеу қажет екенін хабарлады.

Департамент Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-ын өз міндетін орындауға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен жүгінді. Биылғы 26 қаңтардағы сот шешімімен талап-арыз толық қанағаттандырылды. Сонымен қатар ЖШС осы сот шешіміне аппеляция берді. Бірақ Алматы қалалық соты аппеляцияны қараусыз қалдырды. Енді «Алматы жылу жүйелері» күзгі-қысқы кезеңде температуралық режимді сақтамағаны үшін тұтынушыларға жылумен жабдықтаудың құнын 49,4 млн теңгеге қайта есептеу туралы шешімді орындауы қажет, – делінген хабарламада.

Серіктестік алдағы мамыр айында тұтынушылардың түбіртектеріне қайта есептеу жүргізуі қажет.

Өзгелердің жаңалығы