Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш егіледі

22 Маусым 2020, 15:30
1844
Бөлісу:
Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш егіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн брифинг барысында қаланы көгалдандыру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.

Оның айтуынша, Жасыл экономика басқармасының негізгі міндеті тұрғындардың экологиялық жағдайын жақсарту. Бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарып жатыр, ең негізгісі көгалдандыру жұмыстарын жүргізу болып отыр екен. 

Қалада 2,3 млн ағаш бар, оның 1,8 миллионы немесе 77% көктеп тұр, 539 мыңы құраған. Өткен жылы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Жасыл Алматы» акциясы қолға алынды. Соның аясында өткен жылы күзде 130 мың түп ағаш отырғызылды. Биыл 80 мыңға жуық ағаш отырғыздық, жыл соңына дейін тағы 250 мың түп ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Бұл ағаштар негізінен Алатау, Наурызбай және Жетісу аудандарында отырғызылады,-дейді ол. 

Снымен қатар, ол қалада ағаш отырғызу жұмыстарына жаңа талаптар енгізілгенін жеткізді.

Әкімнің өкімімен ағаш отырғызу жұмыстарына жаңа талаптар енгізілді. Қазір ұжымдық және коммерциялық ұйымдар қайырымдылық шара барысында жиі ағаш отырғызады. Міне, осындай жұмыстар үшін жаңа ереже енгіздік. Енді отырғызылатын ағаштың диаметрі 3 см, биіктігі 3 метрден кем болмау керек. Тағы бір мәселе ағашты отырғызудан бөлек оны баптау жұмыстары бар. Жаңа талапта отырғызылған ағашты екі жыл баптау ережесі қарастырылған. Бұл отырғызылған ағаштың қараусыз қалмай, ары қарай өсіп кетуі үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, қалада ағаш отырғызатын арнайы аймақтарды қарастырып жатырмыз,-дейді Наталья Ливинская.
Өзгелердің жаңалығы