Алматы жүргізушілері 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті

13 Қараша 2023, 16:18
660
Бөлісу:
Алматы жүргізушілері 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай бұзушылық үшін айыппұлдың ең төменгі мөлшері 5 АЕК құрайды, егер бір жыл ішінде жүргізуші осындай құқық бұзушылықты қайта жасаса, онда айыппұл 10 АЕК-ке дейін артады.

 Қыс таяп қалды, сондықтан 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін біздің барлық автокөліктеріміз қысқы резеңкеге ауысуы керек. Бұл қауіпсіздік талаптары, өйткені ірі мегаполисте алғашқы жауын-шашын басталғаннан кейін хаос басталады. Оның себебі - жүргізушілердің қыс мезгіліне дайын еместігінде, - дейді Салтанат Әзірбек.

Техникалық регламент талабы осындай. Бұл ҚР Әкімшілік кодексінің 590-бабының 5-бөлігі. Қысқы уақытта жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізуші анықталған жағдайда полиция қызметкерлері айыппұл салуға құқылы.
Ол жүргізушілерді алдын-ала қамданып, көлікті қыс кезіне ертерек дайындауға шақырды, әсіресе полицейлер бұл бағытта 1 қарашадан бастап профилактикалық жұмыстарды бастады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы