Алматы-Жидебай экспедициясы жолға шықты

12 Маусым 2020, 16:37
2198
Бөлісу:
Алматы-Жидебай экспедициясы жолға шықты
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай экспедиция тобы Алматыдан Жидебайға қарай жаяу аттанды.

Төрт еріктіден тұратын экспедиция тобы Абай Құнанбаевтың туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай ауылына дейінгі 1200 шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтуді мақсат еткен. 

WhatsApp Image 2020-06-12 at 16.38.10 (1).jpeg

Экспедиция тобының құрамында Дамир Күшеев, Ермек Қубашев, Данияр Балтабаев және Дәулет Күшеев сынды төрт азамат бар. 

WhatsApp Image 2020-06-12 at 16.38.10.jpeg

Олар күніне 40-50 шақырым жол жүруді жоспарлап отыр. 

Белгілеген межеге жету үшін бір ай уақыт кететін көрінеді. Экспедицияның ең соңғы нүстесі - Жидебай ауылындағы Абай мұражайы. Одан кейін Абай "жолы" ізімен ғұлама ақын оқыған медреселер мен тұрған жерлерін араламақ.

WhatsApp Image 2020-06-12 at 16.38.12.jpeg

Жоба жетекшісі Дамир Күшеев мұндай идеяның ойламаған жерден келгенін айтты.

Экспедиция барысында Алматы-Өскемен тасжолын бетке ұстаймыз. Өйткені жолда су, тамақ керек болады. Сондықтан жол бойындағы дүкендерге соғып отырамыз. Оның үстіне қазір күн ыстық, бір адамға шамамен 3 литрдай су керек болады, - дейді ол.

Сондай-ақ, ол бұрын Шығыс Қазақстан өңірінде болмағанын жеткізді.

Осы саяхаттың арқасында тарихымызбен жақын танысып, хакім Абай жүрген жерді көргіміз келеді. Жидебайдағы ақсақалдардан ақын жайлы тың деректер естміз деген ойдамыз, - дейді Дамир Күшеев.
WhatsApp Image 2020-06-12 at 16.38.11.jpeg

Экспедиция тобы аттанар кезде демеушілер оларға өмірлерін сақтандырған полис пен қолшатыр сияқты қажетті заттарды табыстады.

Экспедиция тобы өздерінің жүріп өткен жолдарын толық көрсететін арнайы видео жəне фото жазбаларын Instagram əлеуметтік желісіндегі @damir_za_mir_almaty парақшасына жариялайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы