Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейсмикалық станциялар желісі бойынша 2020 жылғы 09 сәуірде Алматы уақытымен 21 сағат 36 минут 54 секундта Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 291 км. жерде Қытай Республикасының аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.8, магнитудасы MPV 4.9. Эпицентрдің координаттары 40,92° N 76.63°. Тереңдігі 5 км - делінген хабарламада.
Қабылдану туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2-3 балл көлемінде сезілді.