Бүгін «Алматы жастарына» өтінім беру басталып кетті, дейді Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Дегенмен, өтінім беруге қажетті құжаттардың бірі - egov.kz порталында «Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасын» алу мүмкін болмай тұр.
Айтылған мәселе бойынша мемлекеттік порталдың мамандарына хабарласып мән-жайды анықтаған едік.
Қазіргі уақытта да база істемей тұр. «Әділет минстірлігі» 5-10 мамыр аралығында жұмыс істемейтін хабарлаған еді. Бұл сұрақ бойынша министірлікке сұраныс жібердік. Әлі күнге ешқандай жауап келмеді. Мүлік туралы құжатты әлі ешкімге берілмей тұр. Қашан істейтінін білмейміз, - делінген egov.kz ресми жауабында.
Айта кеткен жөн, бүгін «Алматы жастары» бағдарламасы басталды. Алғашқы сағаттарды бағдарламаға 1700 адам өтінім беріп үлгерген. Бағдарламаға өтініш бере алмаған жастар бұл жағдайға шағымданып жатыр.
Менің барлық құжатым түгел. Тек, мүліктің жоқ екендігі туралы құжатым болмай тұр. Сонда, бағдарламаға қажетті құжат болмаса, 1700 адам қалай өтініш берген деген сауал туындап отыр? Былтыр құжатты қате толтырдыңыздар деген еді. Енді биыл осы құжатты бермей жатқан секілді,– дейді Асель Рузибай есімді тұрғын.
Бағдарлама өтініш беру 31 мамырға дейін жалғасады.