«Алматы жастары». 1000-ға жуық жас алматылық баспаналы болады

13 Мамыр 2022, 14:04
1875
Бөлісу:
«Алматы жастары». 1000-ға жуық жас алматылық баспаналы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау 18 мамырда басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. 

Тұрғын үй бағдарламасының әлеуетті қатысушылары almaty-zhastary.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Ол үшін оларға ЭЦҚ қажет.

Алматы әкімдігі мен Отбасы банкінің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі/толған алматылықтар қатыса алады. Өтініштер Алматы қаласындағы мемлекеттік республикалық және қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардың келесі санаттарынан қабылданады: 

- дәрігерлер мен медбикелер;

- мұғалімдер мен тәрбиешілер;

- суретшілер, жазушылар, мәдениет қызметкерлері;

- жаттықтырушылар мен спортшылар;

- университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері;

- әлеуметтік қызметкерлер;

-өндірістік қызметпен айналысатын журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының (мемлекеттік және коммерциялық) қызметкерлері.

- құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Үміткерлердің ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем болмауы тиіс. Мәдениет саласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған өкілдері үшін кемінде бір жылдық Алматы қаласында тіркелген, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлігі болуы қажет, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелері соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлікке ие болмауы тиіс.

«Алматы жастары» бағдарламасы бес жыл бұрын басталып, қазіргі таңда жас алматылықтар арасында өте танымал. Осы уақыт аралығында біз қала басшылығымен бірлесіп 2260 жас азаматты 32 миллиард теңгеге баспанамен қамтамасыз еттік. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 15 млрд, Отбасы банкінен 3 млрд теңге, жалпы көлемі 18 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 1000 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді, –деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

almaty-zhastary.kz сайтында өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы өтініш берушілердің тізімдерін, олар қоса берген құжаттардың түпнұсқалығын тексеріп, жиналған ұпайлары бойынша қатысушыларды іріктейді. Ұпай санына некеге тұрған жылдары, балаларының болуы, санат бойынша үздіксіз жұмыс тәжірибесінің кезеңі, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатуы әсер ететін болады.

Үміткер тізімі құрылғаннан кейін олар Отбасы банкіне төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама алады. Банк баспана іздеуге оң шешім қабылданған күннен бастап 45 күн уақыт береді. Пәтерді Алматы қаласындағы алғашқы немесе екінші нарықтардан, сондай-ақ «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі бар нысандардан сатып алуға болады.

Несиені 25 жылға дейін алуға болады. Алғашқы жарна кемінде 10% тең болуы тиіс, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%). Несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге (егер мүлік 18 миллион теңгеден асса, өтініш беруші айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады). 

Өзгелердің жаңалығы