Алматыда жаңа жылдың атмосферасын сезінуге арналған орындардың саны артып келеді. Осы ретте, Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі қаладағы көрікті орындарды назарларыңызға ұсынады.
Қаланың бас шыршасы жағылған Абай алаңында күн сайын сағат 16:00-ден 21:00-ге дейін мерекелік концерт ұйымдасырылады. Іс-шарада Nazima, Мирас Жугунусов, MDee, Abdr, Ayau, Dequine Yenlik, DJSlimKZ, Grow kids театры, Galam live-топтары және Ava band өнер көрсетеді.
Алаңда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған фото-дүңгіршектер, суретке түсуге арналған аймақтар және жаңажылдық жәрмеңке ұйымдастырылған.
Қаламызда ұйымдастырылатын жаңажылдық шараларды асыға күтеміз. Себебі балалар да керемет көңіл-күйге бөленіп, ғажайыпқа сенеді. Қаланың әр ауданында концерттік бағдарлама өтеді екен. Бұл қуанышты жаңалық. Ауа райы да жылынып келеді. Бірақ кешке өте суық, әншілерді де аяп кетеміз, – дейді Жадыра есімді қала тұрғыны.
Айта кеткен жөн, балалардың сүйікті шарасы - Аяз аталар шеруі 25 желтоқсан күні өтеді.
Ал Астана алаңында күн сайын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін танымал әртістер Еркеш Хасен, Әли Окапов, Ayree, D-band, Mercury band, Ademi, Elizat, Canto IL квартеті және «КешYou» тобы өнер көрсетеді.
Айта кетерлігі, 27-31 желтоқсан аралығында қала аудандарының әрқайсысында Жаңажылдық фестиваль аясында концерттер ұйымдастырылмақ.