Ұшақта ақау шығып, Алматы-Астана рейсі кешіктірілді

<h3>Алматы, BAQ.KZ. Алматы әуежайында Bek Air әуекомпаниясының ұшағынан ақау шығып, жолаушылар кешігіп ұшты.</h3>

18 Ақпан 2019 2019, 12:24
 18 Ақпан 2019 2019, 12:24
18 Ақпан 2019 2019, 12:24
2038

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әуежайында Bek Air әуекомпаниясының ұшағынан ақау шығып, жолаушылар кешігіп ұшты.


Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін 18 ақпан күні Bek Air әуекомпаниясының Z92100 Алматы – Астана рейсі тоқтатылған. Оған себеп әуекемесін ұшуға дайындау кезінде ақау шыққан.

Белгілі болғандай, Фоккер-100 ұшағына жүк салып, жолаушыларды отырғызу кезінде жүк салғыш есік маңайындағы фюзеляж бүлінген. Соның салдарынан рейс тоқтатылып, жолаушылар бір сағаттан кейін резервті бортпен ұшқан.
Наверх