Алматы ТЖД басшысы тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар департаменті жаңа басшысы полковник Нұрлан Атығаев Алматыдағы зілзалаға байланысты тұрғындарға ақпарат берді. Сондай-ақ алматылықтарға қауіпсіздік шараларын сақтап, сабырлылық танытуға шақырды.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы, - деді Нұрлан Атығаев.
Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.
Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілген.
Мегаполистің бас құтқарушысының мәліметінше, жарақат алғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.