Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді

Нұрқанат Атажан
23 Қазан 2025, 13:06
385
Бөлісу:
 BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов
Фото: BAQ.KZ архиві/ Артём Чурсинов

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы эвакуациялау жөнінде ескерту хабарламасы келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

12:34 кезінде ҚР ТЖМ Алматы тұрғындарының мобильді телефондарына жер сілкінісі туралы хабарлама таратылғанын растады. Хабарламада ғимараттардан эвакуациялану жөнінде ұсыныс болған.

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісі 12:20-да сейсмикалық станциялар желісімен тіркелген. Эпицентрі Алматыдан 136 шақырым оңтүстік-батыс бағытта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Магнитудасы 4,9. Жер сілкінісі 10 км тереңдікте болған. Сезілу байқалмаған, – деп хабарлады ТЖМ.

Осындай хабарламалар алматылықтарға 21 қыркүйекте де келген еді, бірақ ол кезде де жер сілкінісі сезілмеген. Бұл ақпаратты Сейсмология институтының ғалымдары растаған.

ТЖМ мәліметінше, сейсмикалық датчиктер мен Mass Alert жүйесін баптау жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Mass Alert жүйесі Алматы қаласы үшін 5 балл және одан жоғары есептік қарқындылықтағы жер сілкінісін анықтаған жағдайда автоматты түрде хабарлама жібереді.

Бұған дейін Қазақстанда, нақтырақ айтар болсақ, Алматы қаласында жер сілкінгенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы