Алматы тұрғындарын сан соқтырған риелтор ұсталды

2 Желтоқсан 2021, 13:22
830
Бөлісу:
Алматы тұрғындарын сан соқтырған риелтор ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тұрғындарды алдаған тағы бір риелтордың әрекеті әшкере болды.

Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметі бойынша, А. есімді азаматша пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға жалға беру туралы хабарландырулар салған.

Клиенттермен кездесіп, жалға беру шартын жасаған. Сонымен қатар ол жөндеу жұмыстарына байланысты жаңа қонақтарды орналастырмас бұрын оларға пәтерді көрсете алмайтынына сендірді. Осылайша клиенттерден жүз пайыз төлем алған. Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысқа шығуын тоқтатқан, – дейді Жетісу аудандық ПБ бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Күдікті қазір қамауға алынған. Оның үстінен алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Істі қарау барысында оның кем дегенде осыған ұқсас тоғыз эпизодқа қатысы болуы мүмкін екені анықталыпты. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асқан.

Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы