Алматы тауларында жоғалған туристер құтқарылды

1 Шілде 2024, 11:45
218
Бөлісу:
Алматы тауларында жоғалған туристер құтқарылды
VIDEO

5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағаттан асып кетті. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы