Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында жарақат алған Сингапур азаматы құтқарылды

20 Шілде 2025, 13:49
413
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Құтқарушылар Іле-Алатау ұлттық паркінде жарақат алған Сингапур азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

19 шілде күні кешке Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жарақат алған Сингапур азаматына көмек көрсетілді. Оқиға «Герань алаңы» деп аталатын жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік турист бас сүйек-ми жарақатын алып, қол-аяқ буындарынан көптеген соққы алған.

Оқиға орнына көмектесу мақсатында 17:30-да «БАУ» бақылау-құтқару бекетінен құрамында бес құтқарушы және бір техникасы бар топ жөнелтілген.

Құтқарушылар 18:30-да зардап шеккен туристке жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, төменге тасымалдау жұмыстарын бастаған. Кейінірек туристі әрі қарай госпитализациялау үшін «Аюсай» визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаумға жедел жәрдем бригадасы шақырылды.

Құтқару қызметі тау бағытына шыққан туристерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жоспарланған маршрут туралы жақындарына немесе жергілікті құтқару қызметтеріне алдын ала хабар беруді ескертеді.

Мұндай қарапайым сақтық шаралары төтенше жағдайда құтқарушылардың әрекетін жеңілдетіп, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы