Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпау керектігін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Су тасқынында қалып қойсаңыздар, құтқаруға мүмкіндік болмауы мүмкін. Осыған орай Іле Алатауына бармағаныңыз жөн, - деп ескертті департамент өкілдері.
Сел қаупі бар жерде не істеу керек:
- таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
- егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
- сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.
«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты 12-13 тамыз күндері өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Кіші Алматы өзендері алабында сел жүруі мүмкін,- деп хабарлады ведомстводан.