Алматы тауларында Сәтбаев шыңына шыққан үш жасөспірім құтқарылды

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:05
Бүгiн 2026, 08:05
165
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы тауларында құтқарушылар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте орналасқан Сәтбаев шыңынан үш жасөспірімді эвакуациялады.

2007 және 2008 жылы туған жасөспірімдер шыңға сәтті көтерілгенімен, кейін өздігінен төмен түсе алмай қалған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына аттанды. Таулы аймақтың күрделі бедері мен кешкі уақытқа қарамастан мамандар жасөспірімдерді тауып, қауіпсіз түрде төмен түсірді.

Құтқару операциясының нәтижесінде барлық жасөспірім экобекетке аман-есен жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Наверх