Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматы тауларында құтқарушылар әйел мен баланың төмен түсуіне көмектесті

9 Қараша 2025, 04:13
462
Бөлісу:
 ТЖМ телеграм каналы
Фото: ТЖМ телеграм каналы

1979 ж.т. әйел ұлымен бірге қиын жағдайда қалған – түсетін жол мұз болып, тайғақ болғандықтан түсу қиындаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, екеуінің де киімдері таулы жағдайға сай болмаған: жеңіл киім мен аяқ киім ауа райы мен таулы жер жағдайына сәйкес келмеген.

Оқиға орнына "Тұйықсу" құтқару қызметінің құтқарушылары аттанды. Әйел мен баланы аман-есен «Медеу» спорт кешенінің тұрақ алаңына дейін жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы