Алматы тауларында Қазақстан мен Үндістан әскерлері жаттығу сабақтарын өткізіп жатыр

3 Маусым 2022, 08:39
1366
Бөлісу:
Алматы тауларында Қазақстан мен Үндістан әскерлері жаттығу сабақтарын өткізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тау дайындығы орталығында жартас дайындығы, альпинистік жабдықтарды дұрыс қолдану, қозғалыс техникасы және таулы жерлерде ұрыс жүргізу тактикасы бойынша жаттығу сабақтары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жиынға Үндістан Республикасы Қарулы күштерінің әскери қызметшілері нұсқаушы ретінде қатысуда.

Алматы тауларында Қазақстан мен Үндістан әскерлері жаттығу сабақтарын өткізіп жатыр

Жиынның мақсаты – әскери қызметшілердің таулы жерлерде сауатты іс-қимыл жасау қабілетін тексеру, әскери альпинистердің тау кедергілерін еңсеру дағдыларын жетілдіру, әскери қызметшілердің физикалық тұрғыда төзімділік деңгейін арттыру, - делінген хабарламада.

Алматы тауларында Қазақстан мен Үндістан әскерлері жаттығу сабақтарын өткізіп жатыр

Жауынгерлерге альпинистік жабдықтармен жұмыс істеу, таудағы жартасты және мұзды учаскелерді еңсеру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Жиын барысында Іле Алатауының шыңдарына көтерілу жоспарланған.

Үндістан Қарулы күштерімен тау дайындығы саласындағы ынтымақтастық 2005 жылдан бері жүргізіліп келеді. Қазақстандық жауынгерлер үнді тарапының шақыруымен тәжірибе алмасу мақсатында 2005 жылы биіктігі 7134 метр Нун шыңына, 2010 жылы 6400 метр биіктіктегі Багератхи шыңына бірге көтерілген болатын. 2018 жылдан бері үнді әскери нұсқаушылары жыл сайын тәжірибе алмасу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығына келіп тұрады, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы