Алматы тауларында қар түсті

6 Қыркүйек 2023, 14:51
811
Бөлісу:
Алматы тауларында қар түсті

Алматы мен Алматы облысының тауларында қар жауып, қала тұрғындары алғашқы қардың суреттері мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Әсерлі кадрлар уақыттың зымырап жатқанын хабар береді. Күнтізбе бойынша жаз енді ғана аяқталып, күз басталса да, тау бөктерінде қар жауып тұр. 

Әлеуметтік желілерде көпшіліктің көңілінен шықан суреттердің бірін  фотогроф Дмитрий Доценко түсірген. Ол керемет кадрларды Instagram парақшасында жариялады.

Үлкен Алматы көліндегі қыркүйек қысы... Айтпақшы, қыс үш сағатқа ғана созылды. Күн шыққаннан кейін қар тез ери бастады әрі көп ұзамай мүлде жоқ боп кетті. Жалпы, сұлулықты суретке түсіріп үлгердім, – деп жазды Дмитрий Доценко.

«Қазгидромет» өкілдері Алматы тауларында қар жауғанын растады.

2023 жылы 4 қыркүйекте Іле Алатауының орта бойында және ең биігінде, яғни 2500 метр биіктіктен жоғары аймақта қар аралас жаңбыр жауды. Бұл солтүстік-батыстан соққан суық ауаның әсерінен және атмосфералық фронтқа байланысты болды, – дейді «Қазгидромет» мамандары.

Өзгелердің жаңалығы