Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

1 Қаңтар 2025, 11:51
341
Бөлісу:
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Құтқарушылар облыс тұрғындарын қар көшкіні қаупі туралы ескерту жариялады.

Алматы облысының тауларында 1-2 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында – Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан.

Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Өзгелердің жаңалығы